Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жануарларға қамқорлық: Алматы хайуанаттар бағы міндетті алымдардан босатылды

9 Шілде 2025, 23:50
731
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Алматыдағы хайуанаттар бағы ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төленетін міндетті алымдардан босатылды. Қалалық мәслихат зообақты табиғи аумақ үшін төлемнен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Депутаттар 2020 жылғы 30 қазанда бекітілген бұрынғы мөлшерлемелерді реттейтін шешімнің күшін жойды.

Айта кетейік, соңғы төрт жылда зообақ мемлекеттік бюджетке 110 миллион теңгеден астам қаржы аударған. Енді бұл қаражат мекеменің өз иелігінде қалып, инфрақұрылымды жаңғыртуға және жануарлардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталады.

Алматы қаласының кезектен тыс мәслихат сессиясы өтті. Соның ішінде бір сұрақ Алматы хайуанаттар бағы бойынша болды. Алматы хайуанаттар бағы ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіреді. Осы табиғи аумаққа кіргені үшін негізі Үкіметтен ставка бекітілген. Ол - АЕК-тің 0.01 пайызы, яғни 32-39 теңге аралығында болған. Сол алым өз күшін жойды. Бүгінгі сессияда сол мәселе қаралды. Барлығы қолдады, – деді Алматы хайуанаттар бағының директоры Сейілхан Ақылбеков.

Өзгелердің жаңалығы