Жансая Әбдімәлік тарихи жеңісінен кейінгі әсерімен бөлісті

7 Маусым 2021, 17:50
1302
Бөлісу:
Жансая Әбдімәлік тарихи жеңісінен кейінгі әсерімен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Гибралтарда өткен «FIDE Women`s Grand Prix» шахмат жарысында топ жарып, Қазақстан тарихында тұңғыш рет ерлер арасында гроссмейстер атанған Жансая Әбдімәлік алған әсерімен бөлісті.

Әлбетте, өте қатты қуандым. Өйткені бұл жарысқа жан-жақты дайындалдым. 2018 жылы ерлер арасындағы гроссмейстер нормативін 2018 жылы орындағанмын. Пандемиядан кейін осындай деңгейде өнер көрсетіп, әлемнің үздік 11 шахматшысымен ойнаудың әсері ерекше. Өйткені карантин уақытында кездесу мүмкін болмады, - дейді Жансая Әбдімәлік ОКҚ-да өткен баспасөз мәжілісінде.

Ол шілде айында Сочиде өтетін әлем чемпионатына қатысатынын айтты.

Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік Гибралтарда өткен «FIDE Women`s Grand Prix» (FIDE әйелдер гран-при сериясының қорытынды кезеңі) беделді шахмат турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын. Ол 21 жасында әйелдер арасында ерлер гроссмейстері атағына ие болған алғашқы қазақстандық спортшы. Сонымен қатар Орталық Азиядан да бұрын-сонды мұндай чемпион шықпаған.

ФИДЕ әйелдер Гран-приінің Гибралтар кезеңінің тоғызыншы турының қорытындысы бойынша алты сағаттық табанды күрестен кейін Жансая Әбдімәлік Ресейден келген халықаралық гроссмейстер Валентина Гунинамен өткізген партияда тамаша жеңіске қол жеткізді. Осылайша, Жансая ерлер гроссмейстері атағын алу үшін рейтингке қойылатын талаптарды орындап, турнирдің аяқталуына екі тур қалғанда қалған шахматшылардан екі ұпайға оза түсті.

Халықаралық гроссмейстер, блиц, рапид бойынша бірнеше дүркін әлем және Еуропа чемпионы, ресейлік Екатерина Лагномен оныншы турда тең ойнап, турнирдегі жеңісіне алдын ала қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы