Жансая Әбдімәлік – шахмат Бундеслигасының чемпионы

30 Мамыр 2022, 08:30
1204
Бөлісу:
Жансая Әбдімәлік – шахмат Бундеслигасының чемпионы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық гроссмейстер және Алматы шахмат федерациясының президенті Жансая Әбдімәлік әйелдер Бундеслигасында (Германия) өзі өнер көрсеткен OSG Badаen-Baden командасы жеңімпаз болғанын хабарлады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Достар, мен Бундеслигада атынан қатысқан OSG Baden-Baden командасы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 9-турда біз басты қарсылас – SK Schwäbisch Hall командасына қарсы ойнадық. Бұл шешуші ойын болды! Біз 2 ½: 3 ½ есебімен жеңдік, – деп жазды Жансая Әбдімәлік.

Шахматшы атап өткеніндей, OSG Baden-Baden командасы соңғы рет 2018 жылы лига чемпионы болған.

Осылайша, біздің клуб рекордты түрде 12-рет Бундеслига жеңімпазы атанды! – деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы