Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтінгіндегі ең мықты боксшылар үштігіне кірді.
Өте қуанышты жаңалық. Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы рейтингі бойынша бір саты жоғарылады. Қазір QAZAQ STYLE әлем бойынша 3 орында!, - деп жазыпты боксшы Instagram желісінде.
![Жәнібек үздік үштікке кірді](/userfiles/upload/medialibrary/70c/70cf792b14142c03ea6245c2a8cf2dca.jpg)
Тізімде бірінші мексикалық Хайме Мунгия, екінші британиялық Лиам Уильямс тұр.