Жәнібек Әлімханұлы мамыр айында жекпе-жек өткізеді

16 Ақпан 2021, 21:45
1306
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы мамыр айында жекпе-жек өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан оралатынын мәлімдеді. Бұл жайында спортшы Instagram парақшасында жазды.

Жарақатқа алаңдап, жанашырлық танытып, тілеулестігін білдіріп жатқан барша жанкүйерлерге ерекше алғыс айтқым келеді. Сіздер өте көпсіздер. Маған сенесіздер. Оны өте жақсы білемін. Қазір елдеміз. Жарақатты емдеуді бастап кеттік. Бел енді бұрынғыдан да мықты болады. Бұл жарақаттың қазір шыққаны дұрыс болды. Чемпиондық жекпе-жек алдында болса қиналып қалар едік. Бізге ненің қайырлы екенін Алла жақсы біледі. Бұйыртса мамыр айында рингке оралуға дайын боламыз! Рингті сағындым!, - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 27 ақпанда Алматыда өтетін бокс кешіне қатысуы керек еді. Алайда жарақатына байланысты өтпейді. 

Өзгелердің жаңалығы