WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы рингке оралуға дайындықты бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы «Kazakh Style» Х әлеуметтік желісінде жазады.
Мен жаттығуды бастап кеттім! Жақында жекпе-жек!, - деген жаңалықпен бөлісті.
Айта кетейік, осы аптада Әлімханұлының Top Rank промоутерлік компаниясының өкілдері жаңа зеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичпен міндетті қорғаныс өткізу құқығына No Limit Boxing бәсекесінде жеңіліп қалды. Жекпе-жек өтетін күні әлі жарияланған жоқ.
Бастапқыда олардың жекпе-жегі шілде айында өтуі керек еді, бірақ Жәнібектің денсаулығына байланысты кейінге қалдырылды - ол төбелеске 11 сағат қалғанда ауруханаға жатқызылды.