Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын нокаутқа жіберуге уәде берді

29 Шілде 2022, 05:23
2119
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын нокаутқа жіберуге уәде берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы титулдарды біріктіруге ниетті.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Кезекті мәлімдемесін ол әлеуметтік желіде жариялады. 

Жақында менде WBO чемпиондық белбеуі болады, иншаАллах. Келесі жылы мен WBC бойынша әлем чемпионы болғым келеді. Чарло! Шынымды айтсам, Андраденің титулды босатқанын емес, менімен айқасқанын қалаймын. Оны нокаутқа түсіргім келеді. Жекпе-жексіз чемпион болған жақсы, ал чемпионды нокаутқа түсіру – тіпті керемет" - деп жазды ол Twitter парақшасында. 

Өзгелердің жаңалығы