Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағын сәтті қорғады

13 Қараша 2022, 11:39
4080
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағын сәтті қорғады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) британиялық Дензел Бентлиді (17-1-1, 14 КО) жеңіп, әлем чемпионы атағын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен британиялық Дэнзел Бентли (17-1-1, 14 КО) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жұдырықтасты,.

Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Ал спорт мамандары Жәнібек Әлімханұлы кездесуін уақытынан бұрын аяқтайды деп болжаған еді. Бірақ британиялық Дэнзел Бентли осал қарсылас емес екенін байқатты. Осылайша, ұпай санымен қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды. Бұл - оның 13-жеңісі.

Өзгелердің жаңалығы