Синоптиктер 11 қазанда қолайсыз ауа райына байланысты республикамыздың тоғыз өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Шымкентте солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі мен орталығында түнде сынап бағаны 3 градусқа дейін суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады.
Батыс Қазақстан облысының түнде шығысында, күндіз басым бөлігінде күн райы жауын-шашынды болады, жауған жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін. Облыстың шығысында түнде, батыс пен солтүстігінде таңертең көктайғақ болады деп күтіледі. Өңірдің солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігі, шығысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Облыстың батысы мен солтүстігіне оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтіледі.
Павлодар облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында түнде оңтүстік-батыстан, күндіз облыстың басм бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.
Түркістан облысының солтүстігі, батысы, таулы аймақтары мен тау бөктерінде түнде, тау асуларында күндіз солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында өрт тұтану қаупі жоғары болады.