Жаңбыр, тұман, күшті жел: Ел аумағында дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» тұрғындарды ауа райының қолайсыз жағдайларына дайын болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

 BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 02:34
Бүгiн 2026, 02:34
239
Фото: BAQ.KZ архиві

«Қазгидромет» РМК бүгін, 24 мамырда елдің барлық өңірінде ауа райының құбылмалы болатынын мәлімдеп, дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, Астана мен көптеген облыстарда жаңбыр, найзағай, кей жерлерде тұман және күшті жел күтіледі. Желдің екпіні кей өңірлерде 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Бірқатар аймақтарда, әсіресе Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Жетісу және Абай облыстарында өрт қаупі жоғары немесе төтенше деңгейде сақталады. Кей өңірлерде жауын-шашынмен қатар найзағай және қатты жел байқалады.

Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында кей жерлерде нөсер жаңбыр мен найзағай күтілсе, түнде ауа температурасының төмендеуі және тұман да болуы ықтимал. Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарында да өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр.

Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр мен найзағаймен қатар тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік өңірлерде де қысқа мерзімді жаңбыр мен жел күшейеді деп болжануда.

«Қазгидромет» тұрғындарды ауа райының қолайсыз жағдайларына дайын болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Наверх