«Қазгидромет» РМК бүгін, 24 сәуірде еліміздің 17 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кей өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, найзағай, бұршақ, дауыл және тұман болжанып отыр. Сондай-ақ бірқатар аймақтарда жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді.
Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында тұман, жауын-шашын және екпінді жел күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр қарға ұласып, ауа райы күрт суытады. Солтүстік Қазақстан облысында жел екпіні 30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында жаңбыр, найзағай және тұман болжануда. Кей жерлерде жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстарында найзағай, бұршақ және нөсер жауын күтіледі. Таулы аймақтарда қатты жауын-шашын және дауылды жел болуы ықтимал. Кей өңірлерде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Бұл аймақтарда жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.
Қызылордада шаңды дауыл күтілсе, Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай және екпінді жел болжануда.
Синоптиктердің айтуынша, ауа райының қолайсыз құбылыстары көлік қозғалысына, көріну деңгейіне және тұрғындардың қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Мамандар азаматтарды сақтық шараларын сақтауға және алыс жолға шыққанда ауа райын алдын ала тексеруге шақырады.