Жаңбыр, найзағай, бұршақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

Мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыз жағдайларында қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

 BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 03:40
Бүгiн 2026, 03:40
136
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

«Қазгидромет» РМК бүгін, 28 мамырда еліміздің 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады. 

Синоптиктердің болжамынша, көптеген өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел болады. Кей жерлерде жел екпіні 15-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Астана мен Алматыда жаңбыр мен найзағай күтіледі, ал Шымкентте түнгі және таңғы уақытта дауылды ауа райы болжанған.

Абай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жетісу және басқа да бірқатар облыстарда кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы ықтимал.

Сонымен қатар, кей өңірлерде өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі сақталатыны ескертілді.

Мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыз жағдайларында қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

Наверх