"Қазгидромет" РМК синоптиктері 29 сәуір, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Белгілі болғандай, солтүстік және оңтүстік өңірлерінде тұрақсыз ауа райы күтіледі.
Сондай-ақ найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, оңтүстік-шығыста кей уақыттарда нөсер жауын-шашын жауады.
Еліміздің батысына, шығысына, орталығына антициклон әсер етеді, оның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшейіп, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ, оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында тұман болады. Жамбыл облысының түнде шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік болады, - делінген компания таратқан ақпаратта.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.