Жаңбыр, найзағай: 22 сәуірге арналған ауа райы болжамы

22 Сәуір 2024, 08:53
2991
Бөлісу:
Жаңбыр, найзағай: 22 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: BAQ.KZ архив

22 сәуір, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, ел аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді.

Соның салдарынан найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Оңтүстікте дауыл, шаңды дауыл тұрады.

Тек еліміздің солтүстік-батысында, қиыр солтүстігінде және орталығында жауын-шашын жаумайды, күн ашық.

Өзгелердің жаңалығы