17 маусым, дүйсенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр мен бұршақ жауып, қатты жел соғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті.
Ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағаймен ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Тек оңтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша сипат алатын ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, - делінген синоптиктердің болжамында.
Белгілі болғандай, күндіз БҚО, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында аптап ыстық сақталады. Ұлытау, Жамбыл, Алматы облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде , батысында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе өңірінің орталығында, Маңғыстау облысының теңіз жағалауында, батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Жетісудың өңірінің солтүстігінде, Абай облысының орталығында, батысында, Қарағанды қаласында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, шығысында өрт қаупі жоғары.
Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде , орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде, ШҚО, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Абай облыстарының оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.