Жаңбыр, бұршақ және қатты жел: Ел аумағында дауылды ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.

 depositphotos.com 19 Қыркүйек 2026, 02:34
19 Қыркүйек 2026, 02:34
99
Фото: depositphotos.com

Қазақстанның бірқатар өңірінде бүгін, 19 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидромет» мәліметінше, ел аумағында жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман және екпінді жел күтіледі.

Ұлытау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Қызылорда облысында жаңбыр мен найзағай болжанып, жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының бірқатар аумағында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Кей жерлерде тұман түседі.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жел екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Жетісу облысындағы Алакөл маңында жел жылдамдығы кей уақытта 25 м/с болады.

Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының кей бөліктерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Сонымен қатар Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан, Атырау, Жамбыл және басқа да бірқатар өңірде жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.

Наверх