Жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер елдің басым бөлігінде үсік жүретінін ескертті

3 Мамыр 2024, 23:20
5041
Бөлісу:
Жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер елдің басым бөлігінде үсік жүретінін ескертті
Фото: BAQ.KZ архив

4 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауып, үсік жүреді, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнгі уақытта еліміздің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы ықтимал.

Республикамыз бойынша екпінді жел сипаты тән, оңтүстік өңірде қатты жел тұрса, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады деп болжанады. Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, топырақ бетіне мұз қатады деп күтіледі, - делінген хабарламада.

Сонымен қоса Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау өңірінің батысында, солтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, Түркістан облысының солтүстігінде, Ақтөбенің, Абай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, орталығында өрт қаупі жоғары екенін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы