Жаңбыр, бұршақ: Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Алматы облысында нөсер жауынға байланысты Іле және Күнгей Алатауында сел жүру қаупі сақталады.

 BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 02:34
Бүгiн 2026, 02:34
159
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

«Қазгидромет» РМК-ның бүгінге, 2 шілдеге арналған ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық құбылыстар күтіледі.

Синоптиктердің мәліметінше, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл және шаңды дауыл болуы мүмкін.

Желдің екпіні көптеген өңірде 15-20 м/с-қа, ал жекелеген аудандарда 23-30 м/с және одан да жоғары жылдамдыққа жетеді.

Алматы облысында нөсер жауынға байланысты Іле және Күнгей Алатауында сел жүру қаупі сақталады.

Сонымен қатар Жетісу, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында күндіз ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық күтіледі.

Алматы, Астана, Шымкент, Қонаев, Тараз, Қарағанды, Жезқазған, Петропавл, Павлодар, Өскемен, Семей және Қызылорда қалаларында да жаңбыр, найзағай, екпінді жел, ал кейбірінде бұршақ пен дауыл болжанып отыр.

Мамандар тұрғындарға дауылды ескертуді ескеріп, алыс жолға шығарда ауа райы болжамын алдын ала тексеруге, қатты жел мен найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Наверх