Жаңатастағы өрт: Райымқұлова бүлдіршіндердің ата-анасына көңіл айтты

20 Ақпан 2021, 15:24
2276
Бөлісу:
Жаңатастағы өрт: Райымқұлова бүлдіршіндердің ата-анасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Жамбыл облысында өрт салдарынан перзенттерінен айырылған отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын, деп жазды Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Facebook-тегі парақшасында.

Кеше түс қайта болған бұл трагедияны естіген сəттен бері қабырғам қайысып отыр. Өкінішке қарай, бұл естіген жанды сең соққандай күйге түсіретін, қоғамды бей-жай қалдырмайтын суық хабар болды. Үміт еткен, көзінің нұры болған балаларын жер қойнына тапсыру ата-ана үшін ауыр қасірет, қоғам үшін орны толмас өкініш. Жаратқан ием, мұндай сынақты тірі жанның басына бермесін. Бейкүнə нəрестелердің рухы сегіз жұмақтың төрінде шалқысын. Топырағы жібектей жұмсақ болсын. Тəңірім əр отбасына амандық берсін, - деп жазды министр.
Еске салсақ, кеше Жаңатастағы тұрғын үйден өрт шығып, бір үйдің бес бірдей бүлдіршіні қаза тапқан еді. Жергілікті атқарушы орган отбасыға көмек беріп жатыр. Бүгін осы қайғылы оқиғаға қатысты жаңа ақпарат пайда болып, өрт неден шығуы мүмкін екені айтылды. Сонымен қатар балалардың ата-аналары қандай қызметпен айналысқаны белгілі болды.
Өзгелердің жаңалығы