Жаңатастағы өрт: Бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды – Сапарбаев

19 Ақпан 2021, 22:58
1870
Бөлісу:
Жаңатастағы өрт: Бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды – Сапарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жаңатас қаласында өртке оранған бес баланың ата-анасы мен туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бүгін бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды. Жаңатастағы үйлердің бірінен өрт шығып, бес бірдей бейкүнә бала ажал құшты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Оқиға орнына облыс прокуроры Н. Әбдіров, Полиция департаментінің басшысы Ж. Сүлейменов, ТЖД басшысы Е. Момбаев аттанды. Қара жамылған отбасыға қажетті психологиялық, материалдық көмек көрсетілуде. Мәселе менің жеке бақылауымда. Көз жұмған балалардың жақындарына Алла Тағала сабыр берсін. Қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын, – деп жазды Сапарбаев.

Өзгелердің жаңалығы