Жанат Құрманов «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

1 Сәуір 2019, 15:26
2488
Бөлісу:
Жанат Құрманов «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Алматы, BAQ.KZ.  «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Құрманов Жанат Бостанұлы «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Қордың баспасөз қызметі хабарлады.

«БЖЗҚ» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Нұрбибі Наурызбаеваның өкілеттігі директорлар кеңесінің шешімімен 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап тоқтатылды. Ол қорды 2017 жылдан бері басқарып келген еді.

Жанат Құрманов бүгінгі тағайындауға дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген.

 Ол 1962 жылы Қарағанды қаласында өмірге келген. Мамандығы физик әрі қаржыгер. Алғашқы жұмыс өтілін ядролық физика және атомдық зерттеу институтынан бастаған.

1999 жылдан бері Ұлттық банкте жұмыс істейді. 2006 жылы Мемлекеттік зейнетақы жинақ қоры бас директорының орынбасары болған.

2017 жылдың қыркүйек айынан бері ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген.
Өзгелердің жаңалығы