Жаңартылатын энергия көздері: Жамбыл облысында заманауи жел қондырғылары орнатылады

7 Қазан 2023, 09:56
2025
Бөлісу:
Жаңартылатын энергия көздері: Жамбыл облысында заманауи жел қондырғылары орнатылады
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Жамбыл облысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту қолға алынып отыр. Жыл соңына дейін қуаты 100 МВт болатын 21 жел қондырғысы іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордалық БАҚ өкілдері елімізде жаңартылатын энергия көздері қалай дамып жатқанын көру үшін Жамбыл облысындағы Жаңатас жел электр станциясында болды.

Бұған дейін Қытай елшілігінің қазақстандық БАҚ өкілдеріне екі ел арасында «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларды таныстыру мақсатында өңірлерге баспасөз турын ұйымдастырғанын хабарлаған едік.

Алдымен СҚО-дағы «Ай Цзюй» логистикалық паркінің жобасымен, кейін Шымкенттегі мұнай зауытының жұмысымен таныстық. 

Жаңартылатын энергия көздері: Жамбыл облысында заманауи жел қондырғылары орнатылады

Жаңатас жел электр станциясы – Қазақстан мен қытайлық SPIC корпорациясының «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында іске асырған ауқымды жобасы.

Жаңатас жел электр станциясының бас маманы Ілияс Нұсыров орталықтың атқаратын негізгі жұмысы жайлы айтып берді.

Біз қазір станцияны басқару орталығында тұрмыз. Яғни дәл осы жерде жел қондырғыларын басқарамыз. Яғни осы жерде Жаңатас жел электр станциясында орнатылған құрал-жабдықтарды бақылауда ұстаймыз. Қазір Жаңатас қаласында 40 жел қондырғысы бар. Жалпы қуаты 100 МВт. Яғни әрқайсысы 2,5 МВт өндіреді, - деп айтты ол.

Жаңартылатын энергия көздері: Жамбыл облысында заманауи жел қондырғылары орнатылады

Маманның сөзінше, Жаңатастағы жел қондырғыларының бірінші партиясы 2020 жылдың қыркүйегінде желіге қосылды. Ал 2021 жылдың маусым айында станция толығымен іске қосылды. Бүгінгі таңда орташа тәуліктік өндіріс сағатына 1 млн кВт. Өндірілген барлық энергия «KEGOC» АҚ желілеріне беріледі.

Жобаға 150 миллион АҚШ доллары инвестицияланды. Бірақ оны өтеп алу мерзімі өте ұзақ. Сол себепті оның нақты мерзімін дәл қазір айта алмаймын. Станцияда Қытайдың неміс технологиясы бойынша шығарған заманауи жел қондырғылары орнатылған. Жаңатастың желі қандай екені барлығына мәлім. Мұнда ыңғайлы инфрақұрылым бар. Дәлірек айтқанда, маңайымызда анықтамалық қосалқы станция орналасқан. Станцияны құрайтын мұнаралар, қалақтар мен генераторлар Қытайдан құрлық жолы арқылы жеткізілді. Станцияның құрылысына Қытай, Қазақстан және Ресей мамандары қатысты, - деп айтты Ілияс Нұсыров.

Ол әр жел қондырғысының қасында трансформатор орнатылғанын айтты. Бұл құрылғы жел өндіруде өз міндетін атқарады.

Жаңартылатын энергия көздері: Жамбыл облысында заманауи жел қондырғылары орнатылады

Жобаның екінші кезеңі қашан іске қосылады?

Дәл қазіргі күні құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны 2023 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр. Оның да қуаты осы жердегідей 100 МВт болады. Бірақ бір айта кетерлігі, жел қондырғыларының саны аз болады. Мұнда 40 жел қондырғысы болса, екінші кезеңде 21 қондырғы орнатылады. Олардың қуаты күштірек. Себебі технология бір орында тұрмай, күн сайын дамып келеді. Бұрын 2,5 МВт ең қуаттысы болса, қазір енді ең жоғары қуаты 4,8 МВт болады, - деді Ілияс Нұсыров.

Бүгінгі күні екінші кезеңнің құрылысы Жаңатас қаласының маңында салынып жатыр. Жоспар бойынша жоба жылдың соңына дейін іске қосылады.

Жаңартылатын энергия көздері: Жамбыл облысында заманауи жел қондырғылары орнатылады

Жаңатас жел электр станциясының бас инженері Чжан Лян екінші кезең қосылғаннан кейінгі өзгеріс жөнінде сөз етті.

Екінші кезең іске қосылғаннан кейін біздің электр станцияларының жалпы қуаты 500 МВт-қа жетеді. Осылайша жыл сайын сағатына 1,5 млрд кВт электр энергиясын өндіре аламыз. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін барлық құрал-жабдықтарды қайтарымсыз KEGOC-қа береміз, - дейді бас инженер.

SPIC – бұл мемлекеттік корпорация. Негізгі қызметі – электр энергиясын өндіру.

Бізде электр станцияларының барлық түрі бар. Яғни жел электр станциялары, күн электр станциялары, су электр станциялары, сонымен қатар атом электр станциялары. Күн электр станцияларының қуаты бойынша әлемде бірінші, ал жел станцияларының қуаты бойынша екінші орындамыз. Сонымен қатар электр станцияларды зияткерлік жағынан дамыту бойынша әлемде алдыңғы қатардамыз. Қазақстанға жаңартылатын энергияны дамыту үшін 2018 жылы келдік. 2019 жылы біздің электр станциямыз Орталық Азиядағы ең ірі станция болды. Құрылыс кезінде біз жел электр станциясының құрылысы саласында көптеген маманды дайындадық. Бұл өз кезегінде Қазақстанда осы саланың дамуына оң әсерін тигізді, - деп айтты Чжан Лян.

Жаңартылатын энергия көздері: Жамбыл облысында заманауи жел қондырғылары орнатылады

Корпорацияның барлық жел электр станциясы өндіретін энергия қуаты 400 МВт. Жаңатастан бөлек, қуаты 206 МВт жел электр станциясы Астана маңында орналасқан. Бұл ірі электр станциясы саналады. Осы кәсіпорынның жел электр станцияларында орнатқан жел қондырғылары - Қазақстандағы ең ірі, әрі ең заманауи.

Жаңартылатын энергия көзі: Қазақстанның әлеуеті

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту өте дұрыс, өйткені бізде жел мен күн ресурстары өте жақсы. Кейбір жерлер егіншілікке жарамсыз, бірақ жаңартылатын энергия көздерін дамытуға әбден лайық, – дейді жел электр станциясының бас маманы Ілияс Нұсыров.

Жаңатас жел электр станциясында 31 маман жұмыс істейді. Оның ішінде 6 маман қытайлық, ал қалған 25 адам жергілікті маман. Жаңатаста тұрмайтын қызметкерлерге жатақханадан бөлме беріледі. Сонымен қатар станция ғимаратында спорт залы және демалыс бөлмелері бар. Ал Жаңатастан келіп істейтін мамандарға арнайы автобус қарастырылған. Ең төменгі жалақы – шамамен 300 мың теңге.

Жаңартылатын энергия көздері: Жамбыл облысында заманауи жел қондырғылары орнатылады

Жел электр станциясы іске қосыларда маман тапшылығы болмас үшін, кәсіпорын мамандарды жинап, 6 ай бұрын өздеріне қажет қызметкерлерді дайындап шығарған. Қызметкерлерді қытайлық және жергілікті мамандар оқытқан. Мұнда жұмысқа тұрғысы келген маман жел қондырғыларының жұмыс принципін, негізгі жабдықтарды және жел электр станциясының элементтерінің сипаттамаларын білуі керек.

Сонымен бірге кәсіпорын жобалары жүзеге асырылып жатқан ауылдарда, қалаларда әлеуметтік іс-шаралар өткізіп тұрады. Мысалы, Жаңатаста жергілікті тұрғындар үшін бассейн орнатып, тұрғындардың үйлерін жөндеп берген. Одан бөлек, ашық есік күндерін өткізіп, мұғалімдер мен оқушыларды шақырып, жаңартылатын энергия көздерімен таныстырады.

Жоспар мен міндет

Біз электр энергиясын өндіруге маманданғанбыз. Жақында Сиань қаласында өткен саммитте 1 ГВт электр станциясын салу туралы меморандумға қол қойылды. Біз электр станцияларынан бөлек, жел қондырғыларын өндіруді де дамытуды жоспарлап отырмыз. Осылайша жаңа жұмыс орындарын ашамыз. Біз мемлекеттік корпорация болғандықтан, «Бір белдеу, бір жол» және Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы аясында біз Қазақстанда таза электр қуатын және жел қондырғыларын өндіруді дамытамыз, - деді Жаңатас жел электр станциясының бас инженері Чжан Лян.

Жаңартылатын энергия көздері: Жамбыл облысында заманауи жел қондырғылары орнатылады
Жаңартылатын энергия көздері: Жамбыл облысында заманауи жел қондырғылары орнатылады

Қытайлық маман Қазақстан Үкіметі мен халқына жаңартылатын энергия көздеріне дамытуға мүмкіндік беріп отырғаны үшін алғысын білдірді. Ол жақында өткен форумда университеттермен осы салына дамытып, мамандарды даярлау жөнінде келісімге қол қойғанын атап өтті.

Біз өзіміз ғана дамып қоймай, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, зияткерлік құрал-жабдықтарды дамытуға ниетіміз бар. Осы ретте жергілікті Үкімет қандай бағыт берсе, сол бойынша жұмыс істеуге дайынбыз. Қазір жаңартылатын энергия көздерін дамыту Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге күллі әлемде өте өзекті. Осы бағытта қазір барлығы дамып жатыр. Қазақстанда өте жақсы жел, күн ресурстары бар. Қорғашан орта жаңартылатын энергия көздерінің нысандарын салуға өте қолайлы, - деп түсіндірді ол.

Жаңартылатын энергия көздері: Жамбыл облысында заманауи жел қондырғылары орнатылады

Қытайлық серіктестер осы саладағы тәжірибесі өте бай екенін айтып, жетілдірілген үлгідегі ЖЭК+ (жаңартылатын энергия көздері) электр станциясын Қазақстанда дамытуға ниетті. ЖЭК+ арқылы энергия көздерімен қатар ауыл шаруашылығын да, мал шаруашылығын да дамытуға болады. Мысалы, балық шаруашылығына күн батареясын орнату. Чжан Ляннің сөзінше, жаңартылатын энергия нысандарын жаңғырту тұрғындардың өмірін толығымен өзгертеді.

Жаңартылатын энергия көздері: Жамбыл облысында заманауи жел қондырғылары орнатылады

Ол Қазақстан бір орында тұрмай, жылдам дамып келе жатқанын айтты.

Қорытындай келген жаңа жел қондырғыларының қуаты 4,8 МВт, олардың саны 21 болады. Екінші кезең іске қосылғанда қуаты 100 мегабатт болатын қондырғылар елімізді қажет энергиямен қамтамасыз етіп, жұмыс көздерін ашуға мүмкіндік береді.

Жаңартылатын энергия көздері: Жамбыл облысында заманауи жел қондырғылары орнатылады

Мемлекет басшысы 1 қыркүйекте халыққа жариялаған Жолдауында жаңартылатын энергетика жобаларын жүзеге асыру жалғасатынын мәлімдеген болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев «жасыл» экономиканы дамыту мәселесімен мықтап айналысуымыз керегіне баса назар аударды. Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшетіні сөзсіз.

Халықаралық сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, жалпы әлемдегі күрделі қаржы салымдарының үштен біріне жуығы жаңартылатын энергетика жобаларының еншісінде. Қазақстанда да бұл бағытта көп жұмыс атқарылды. Жаңа Экология кодексі және Көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің 2060 жылға дейінгі стратегиясы қабылданды. Соңғы 5 жылда жаңартылатын энергетиканың елімізде өндірілетін қуаттың жалпы көлеміндегі үлесі 5 пайызға жуық өсті. 2027 жылға қарай тағы 1,4 гигаваттық қуат көздері іске қосылады. Еліміздің энергетикалық теңгерімінің құрылымы өзгеретіні анық. Сондықтан қуат өндіруден бастап оны таратуға дейінгі бүкіл энергетика саласын басқару тәсілдерін жетілдіру керек, - деген еді Тоқаев Жолдауда.

Өзгелердің жаңалығы