Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желіде жанармай құю бекеттерінде бензин жоқтығы туралы ақпарат тарады. Осыған орай Энергетика министрлігі ресми түсініктеме берді.
Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай өндірісі тоқтаусыз жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қор көлемі халықтың бензинге қажеттілігін толық қамтамасыз етуге қауқарлы.
Министрліктің хабарлауынша, бензин тапшылығы болуына еш негіз жоқ.
Егер жанар-жағармай құю станциялары бензиннің жоқтығын алға тартып, сатудан бас тартса, бұл туралы +7 777 999 52 18 телефон нөмірі бойынша WhatsApp-қа дереу хабарлауыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Энергетика министрлігінің мамандары алынған ақпаратты тексереді.
Нарықта жанар-жағармай материалдарының негізсіз өсуі және жасанды тапшылық туғызу фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданады.