Жанар-жағармай бар тек уақытылы тасымалдау керек - Энергетика министрі

25 Тамыз 2022, 16:02
745
Бөлісу:
Жанар-жағармай бар тек уақытылы тасымалдау керек - Энергетика министрі
Фото: BAQ.KZ

Министр жанар-жағармайды өңірлерге уақытылы жеткізу мәселесі 1-2 күнде шешілетінін айтты. Энергетика министрі Болат Ақшолақов ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелір бойынша баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бізде 85,7 млн тонна мұнай өнімі бар. Оның 17-18 млн тоннасы ішкі нарыққа жетеді. Мұнай жеткілікіті мөлшерде бар екенін айтқым келеді. Жанар-жағармайды дер кезінде тұтынушыларға жеткізу логистикаға байланысты. Министрлік нақты жоспар бойынша жұмыс істейді. Зауыттан шыққан мұнай өнімдерін тасымалдау үшін олардың жол сапасын тексеру, тез жеткізу мәселелері бойынша оптимизациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деп түсіндірді Ақшолақов.

Ведомства басышысының айтуынша, кейбір өңірлерге жанар-жағармайдың жеткізілмей қалу себебі бақылаусыз шетелге кететін мұнай өнімдері мен транзиттік көліктердің көбеюіне байланысты.

Логистиканың әсері көп. Біз әріптестерімібен ақылдаса келе, логистиканы жаңарту жұмыстарын әзірледік. Қазіргі таңда өнімдерді тасымалдайтын вагондардың санын көбейтіп, тауардың локомотивтермен уақытылы тасымалдау жұмысын атқарып отырмыз. Бір 1-2 күнде бұл мәселе дұрысталады. Қазірдің өзінде іске көштік. Мәселен, бұрын вагондар саны тапшы болса, қазір әрбір зауытқа қосымша 100 вагон беріледі,- деді Энергетик министрі.

Сондай-ақ министр дизель нарығында қолдан дүрбелең туғызбауға шақырды.

Биыл біз 5 млн тоннадан астам дизель отынын шығарамыз. Оның ішінде 800 мың тоннасы ауыл шаруашылығына жеткізіледі, ал қалғаны ішкі нарықта қалады. Өздеріңізге мәлім, біз оны шетелге экспорттайтын мүмкіндігіміз жоқ. Әсіресе, қазіргі уақытта.  Жанар-жағармай жеткілікті деңгейде шығарылып жатыр. Алайда оларды дер кезінде тұтынушыға жеткізу үшін логистикалық оптимизация жасау керек. Ол ең маңызды мәселенің бірі, - деді Болат Ақшолақов. 

Өзгелердің жаңалығы