Жанар Санхаева: Референдум – билік пен қоғам арасындағы уағдаластық

30 Сәуір 2022, 14:04
2064
Бөлісу:
Жанар Санхаева: Референдум – билік пен қоғам арасындағы уағдаластық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері Жанар Санхаева мәлімдеді.

Қазақстанда Конституцияның үштен бір бөлігін өзгертуді көздейтін түзетулерді мақұлдау мәселесі бойынша конституциялық референдум өткізіледі. Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының ұсыныстарына сәйкес түзетулер көптеген жүйелі мәселелерге қатысты болады. Реформа шеңберінде биліктің барлық тармақтарының функцияларын оңтайландыру, олардың өкілеттіктерін өзара да, орталықтан бастап жергілікті басқару органдарына да қайта бөлу жүргізіледі. Бір айта кетерлігі, басқару формасы да өзгереді, суперпрезиденттік басқару формасынан Президент бірдей қашықтықтағы ойыншы ретінде қарастырылатын президенттік формаға көшіріледі деп жобалануда,  – деді Жанар Санхаева. 

Сонымен қатар азаматтарды электоралдық мүмкіндіктер арқылы елдің қоғамдық-саяси өміріне кеңінен тартуға бағытталған сайлау ережелері өзгереді. Осылайша, конституциялық реформалардың мәселелері мемлекеттік құрылыстың негізгі қағидаттары мен барлық азаматтардың мүдделерін қозғайтын болады. Сондықтан демократияландырудың одан арғы бағыттары туралы шешімді азаматтардың өздері қабылдауы маңызды.

Референдум туралы шешімнің өзі Мемлекет басшысының қоғамдық шартты пішімдеу жөніндегі өз саясатын жалғастыруға деген бейілділігін растау болып табылады. Референдум партиялық демократияның негізгі құралы бола отырып, билік пен қоғам арасындағы әрекеттерді үйлестіру басты орынға қойылатын қоғамдық қатынастарды қайта құрудың маңызды актісіне айналады. Бір айта кетерлігі, Қазақстандағы соңғы және жалғыз референдум 1995 жылы өткізілді, сайлаушылардың 90,6% қатысуы жағдайында жаңа Конституцияға 90,0%-ы қолдау көрсетілді. Сондықтан да болашақ саяси модельді анықтауға бүкіл халықты кеңінен тарту тұрғындардың жүріп жатқан процестерге әсер етуінің шешуші факторы болады, – деді сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы