Жаңаөзенде жарылыстан зардап шеккен әйел есін жиды

21 Сәуір 2023, 04:22
780
Бөлісу:
Жаңаөзенде жарылыстан зардап шеккен әйел есін жиды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жаңаөзенде жарылыстан кейін орталық аурухананың жансақтау бөліміне түскен келіншек есін жиды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әйелдің жағдайы тұрақты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылған. Қазір өзі демалып, дәрігерлердің сұрағына жауап береді. Ал, жансақтау бөліміндегі екінші науқастың жағдайы әлі де аса ауыр деп бағаланып отыр, - деді қалалық көпбейінді аурухананың басшысы Серік Асқаров.

Сондай-ақ, дәрігерлер травматология бөлімшесіндегі 1 ер адам мен 2 қыз баланың жағдайлары тұрақты орташа екенін айтады. Оқушы қыздармен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.

Еске салсақ, Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылып, 13-ке жуық адам зардап шекті. Оқыс оқиғаға байланысты жедел штаб құрылды. Жарылыс салдарынан 4 адам қаза болып, 4 пәтер қирады. Сондай-ақ Жаңаөзендегі жарылыс бойынша тергеу жұмыстары басталды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тұрғын үйсіз қалған отбасыларға  пәтер берген еді.

Өзгелердің жаңалығы