Жаңаөзенде «Оқушылардың шығармашылық үйінде» 4800 оқушы тегін білім алады

26 Сәуір 2023, 20:20
1032
Бөлісу:
Жаңаөзенде «Оқушылардың шығармашылық үйінде» 4800 оқушы тегін білім алады
PHOTO
Фото: Қоғамдық коммуникация орталығы

Жаңаөзенде «Оқушылар шығармашылық үйінің» 4800 тәрбиеленушісі 94 түрлі үйірмелерге тегін қатысып, бос уақытын тиімді пайдаланып жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқушылар шығармашылық үйінің директоры Жұмабике Джаманованың айтуынша, балалардың қиялымен творчестволық қасиетін дамытатын мектептің конференция залы, coworking, робототехника, шахмат, музыкалық студия, мобилография, жас аспаз кабинеттері толық жиһазбен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, шығармашылық үйі wi-fi-мен, өрт сөндіру, радио құрылғыларымен толық қамтылған. Яғни, оқушылардың шығармашылықпен айналысуға толық мүмкіндігі бар.

Жаңаөзенде «Оқушылардың шығармашылық үйінде» 4800 оқушы тегін білім алады

Мектебіміздің балалары жаңа бағыттарға кеңінен көңіл бөлуде. Оқушылар алғашқы күннен бастап робототехникаға ерекше қызығушылық танытты. Үйірмеге барлығы 200 бала қатысады. Әзірше балаларды 10 роботпен қамтып отырмыз. Алдағы уақытта робот санын тағыда арттыруды қарастырып жатырмыз, - деді Жұмабике Джаманова.

Шығармашылық үйінің 9 жасар оқушысы Нұрғиса Ходжағалидің робототехника сабағына қатысқанына бір айдан астам уақыт болған. Ол сабақтың өзіне қатты ұнайтындығын айтады.

Жаңаөзенде «Оқушылардың шығармашылық үйінде» 4800 оқушы тегін білім алады

Ең алдымен компьютерге дайын тұрған нұсқаулық бойынша бағдарлама жасақтап, өз роботымызды құрастырып аламыз. Бағдарлама роботқа жүктелгеннен кейін жұмыс істей бастайды. Бұл сабақ сондай қызықты. Алдағы мамыр айында қалалық, облыстық жарыстарға дайындық жүргізудеміз,- дейді Нұрғиса Ходжағали.

Шығармашылық үйіндегі мүсіндеу үйірмесінің жетекшісі Тоқтағұл Бахитовтың айтуынша, бүгінде қолөнер үйірмесіне 500 оқушы қатысады. Ал шығармашылық мектебінің қабырғасымен сөрелері оқушылардың жасаған 300- ге жуық күрделі қолөнер бұйымдарымен толып, көздің жауын алады.

Жаңаөзенде «Оқушылардың шығармашылық үйінде» 4800 оқушы тегін білім алады

Мен балаларға 2011 жылдан бері дәріс беремін. Бүгінде 300-ге жуық қолөнер бұйымдарымыз бар. Одан бөлек, Алматы, Қарағанды, Семей секілді қалаларда жұмыстарымызды мұражайға алып қалып жатады. Алдымыздағы қыркүйек айында «Алтын қазына» сайысына 2 оқушымды дайындап жатырмын. Алматы қаласына 10 жұмысымызды апарып, Маңғыстау өңірінің намысын қорғайтын боламыз,- дейді Тоқтағұл Бахитов.

Өзгелердің жаңалығы