Жаңаөзенде 47 жастағы әйел 8 айдан бері табылмай жатыр

Іздеу жұмыстарына еріктілер мен туыстары жұмылдырылған.

 Instagram / lider.kz / Кеше 2026, 23:21
Кеше 2026, 23:21
178
Фото: Instagram / lider.kz /

Жаңаөзен қаласында 2025 жылдың тамыз айында жоғалып кеткен 47 жастағы Дина Жарылғасованы іздеу жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Еріктілердің мәліметінше, әйел 5 тамыз күні сағат 19:00 шамасында 1-шағын аудандағы үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Белгілері: бойы шамамен 170 см, дене бітімі орташа. Жоғалған күні үстінде ақ нүктелері бар қара көйлек, өрнекті ұзын қызыл жилет болған. Қасында шағын хаки түсті сөмке алып жүрген.

Іздеу жұмыстарына еріктілер мен туыстары жұмылдырылған. Олар тұрғындардан кез келген ақпаратпен бөлісуді сұрайды.

Көрген-білгендер болса, +7 (700) 911-72-92 немесе 102 нөмірлеріне хабарласу қажет.

Еріктілердің айтуынша, тіпті ең ұсақ мәліметтің өзі маңызды болуы мүмкін.

Наверх