Жаңаөзен әкімдігі стихиялық қалдықтар мәселесіне немқұрайлы қарап отыр – Төкенов

1 Ақпан 2022, 17:20
2498
Бөлісу:
Жаңаөзен әкімдігі стихиялық қалдықтар мәселесіне немқұрайлы қарап отыр – Төкенов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Маңғыстау облыстық экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов журналистерге арналған брифинг барысында мәлімдеді. 

Оның айтуынша, жалпы еліміз бойынша биылғы жүргізілген космостық мониторинг көмегімен 6 412 рұқсат етілмеген стихиялық қалдықтар орындары анықталған. 

Оның тек 103 ғана Маңғыстау өңіріне тиесілі. Қазіргі кезде, оның 64-ті тазаланды немесе тазаланған нүктелер 62 пайызды құрап отыр. Қалған тазаланбаған 39 орынның 35-і Жаңаөзен қаласына тиесілі, яғни Жаңаөзен қаласы әкімдігі бір жыл ішінде 38 орынның тек қана 3-уін ғана тазалаған. Мәселен, Қарағанды облысында 1162 қоқыс орынының 1103 орыны тазаланып, көрсеткіш 95 пайызды құрады.

Бұл дегеніміз Жаңаөзен әкімдігінің өз міндеттеріне немқұрайлы қарауы деп есептейміз. Осыған орай, қазіргі кезде облыстық экология департаментінің тарапынан Жаңаөзен қаласының әкімдігіндегі жауапты тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда, - деді Руслан Төкенов.

Өзгелердің жаңалығы