Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғындары мемлекеттік бағдарламаның арқасында кәсіп ашып, еңбегінің жемісін көруде.
Мәселен, бала күнінен анасының ісмерлігін көріп өскен кәсіпкер Шекер Назарова қазіргі күні тігіншілік арқылы тіршілігін тіктеп келеді. Бүгінде кәсіпкер Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында тігін ательесін ашқан.
Менiң анам тiгiншi болды. Анам құрақ құрап, күндiз-түнi тiгiн машинасының алдында көз майын тауысып отыратын. Ес бiліп, жұмсауға жараған уақыттан бастап, анамызға көмектесе бастадық. Көрпе көктеy, көрпеше тiгy iсiн бала күнiмнен iстедім. Iсмерлiктен бөлек, өзге ұлттардың тағамын әзiрлеyді меңгердiм, – дейдi кәсiпкер Шекер Назарова.
Кәсiпкер ең алғаш тапсырысты тұрмыс құрғаннан кейін алған. Cонан соң аудан орталығынан тігін шеберханасын ашып, жұмыс iстей бастайды. Оның айтуынша, өткен жылы «Бастау бизнес» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 530200 теңге қайтарымсыз қаражат алып, кәсібін дөңгелеткен. Кәсіпкер бұл қаражатқа заманауи тігін машинасын алып, тапсырыс қабылдауда.
Өз тігін шеберханамда тапсырыс қабылдаймын. Карантин уақытында қыз жасауына тапсырыс көп болды. Халықтың сұранысына сай жұмыс істеп, елдің ықыласына бөленіп жүрмін, - дейді Шекер Назарова.
Қатарластарына үлгі болып келе жатқан жаңақорғандық келіншек шағын кәсіп арқылы осылай мол табысқа кенеліп отыр.
Қазіргі таңда қаладан шалғай орналасқан елді мекендерде де торт пісіріп сататындар көп. Бұл кәсіп қомақты қаражатты қажет етпейтіні белгілі. Алайда күні-түні ыстық пештің жанынан шықпай, алдыңдағы тәттіге бар ынта-шынтаңды салуың қажет. Осындай өз ісіне берілген, кәсібін адал атқаратындардың бірі –балабақша тәрбиешісі, жаңақорғандық Тоғжан Тілепова. Кәсіпкердің қолға алған ісі – кондитерлік өнімдер даярлау.
Тәттіні мектеп жасынан пісіремін. Алғашқыда сүйікті іс ретінде қарап, әрбір пісірген тәттімді қонақтарға ұсынып отыратынмын. Уақыт өте келе әр түрлі торт әзірлеп, тәжірибемді молайттым, - дейді Тоғжан Тілепова.
Кәсіпкердің алғашқы тұтынушылары өз туыстары болған.
Әдепкіде үйгe кeлгeн қoнaқтap тапсырыс беретін. Аз уақыттан соң тopттap мeн бәлiштepіме тyыстapым қызыға бастады. Олардың ықыласы мені шабыттандырды. Сөйтіп, әлеуметтік желіден тапсырыс алуға көштім. Кейле күніне жеті-сегіз торт пісіремін. Түнімен ұйықтамай, тапсырыс берушінің сенімін ақтауға тырысамын, - дейді кәсіпкер.
Жас кондитер өз өнімдеріне қойылған баға халыққа қолжетімді екенін айтуда. «Тапқан табыстың берекесін берсін» деп тілейтін кәсіпкер тұтынушылардың өз ісіне риза екенін де жеткізді.
Жалпы Жаңақорған ауданында мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Ата кәсіпті әсіресе отбасылық бизнеске айналдырғандар көп. Атап айтсақ, аудандағы «Үсен-ата» шаруа қожалығы өткен жылдың желтоқсан айында «Сыбаға» бағдарламасы арқылы Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры Қызылорда облыстық филиалы арқылы 6 пайызбен 30 миллион несие алып, 91 бас қалмақ асыл тұқымды сиырын алған. Сонымен қатар шаруашылықта 30-дан аса сүтті сиыр, 300-ден аса қой-ешкі бар.
Шаруа қожалықтың иесі Садықбек Үсеновтің айтуынша, қалмақ сиыры ет бағытында және Сыр өңірінің климатына төзімді, шөп талғамайтын, тез жерсініп, бейімделуімен ерекшеленеді.
Болашақта асыл тұқымды қой өсіруге бетбұрыс жасамақпын. Бұған мемлекеттің жеңілдетілген несиесі көмек береді деп ойлаймын. Мал басының артқаны жақсы, бірақ соны бағатын адам тапшы болып тұр. Ең алдымен малшыға жайлы жағдай туғызу қажет. Бейнет көріп, қысы-жазы егіннің басында, мал соңында жүретін шаруаның балаларының жоғарғы оқуға түсуіне, басқа да әлеуметтік жағдайлар қарастырылса, мал бағуға баратын жастар қатары көбейер еді, - дейді Садықбек Үсенов.
Шаруашылықтың иесі Садықбек Үсеновтің ұлы Темірбек те мал жайынан хабардар. Ол бала күнінен мал шаруашылығымен айналысып келеді.
Әкем шаруашылықтың озат шопандарының бірі. Бала күнімнен малсақ болып өстім. Ұрпақтан келе жатқан ата кәсіптің таяғын өзіме ұстатып, өзіме сеніп тапсырды. Өзі шаруашылық жұмысына бас-көз болып отыр. Біздің мақсатымыз мал тұқымын асылдандыру, көбейту, ет өндірісін дамыту. Құдайға шүкір, сол мақсат үдесінен шығып келеміз, - дейді Темірбек Садықбекұлы.