Жаңадан сайланған Мәжіліс депутаты Гаухар Нұғманова ант берді

14 Наурыз 2022, 10:18
1101
Бөлісу:
Жаңадан сайланған Мәжіліс депутаты Гаухар Нұғманова ант берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты Гаухар Нұғманова ант берді.

Жаңа сайланған депутат Конституцияға оң қолын  қойып тұрып антты мүдірмей айтып шықты.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, ҚР-ның тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін,- деді Нұғманова.

Сонымен қатар ол Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды. Депутаттар оны бірауыздан сайлады.

 

Өзгелердің жаңалығы