Жаңадан сайланған депутаттар ант беруді бастады

29 Наурыз 2023, 11:30
1478
Бөлісу:
Жаңадан сайланған депутаттар ант беруді бастады
Фото: Ақорда

Мәжілістің жалпы отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында жаңадан сайланған депутаттар ант беруді бастады.

Жалпы отырысты Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жүргізіп жатыр. Мәжіліс алдымен күн тәртібінде қаралатын 7 сұрақтың қаулысын қабылдады. 

Жаңа депутаттар Конституцияның 51-бабының 6-тармағына сәйкес, Парламенттің депутаттары Қазақстан халқына ант береді.

Осыған байланысты депутаттар ант беру үшін кезекпен мінберге шақырылды.

19 наурыз күні елімізде саяси науқан өтіп, нәтижесінде Мәжіліске 6 саяси партия өтті. Оларға 69 орын берілді. Сонымен бірге бірмандатты сайлау округтерінен 29 депутат сайланды. Осылайша Мәжіліске барлығы 98 депутат сайланды.

Өзгелердің жаңалығы