Жаңадан құрылған үш облысқа цифрлық код берілді

27 Маусым 2022, 11:12
2410
Бөлісу:
Жаңадан құрылған үш облысқа цифрлық код берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде белгілі болды. 

Қазақстанда көлік құралының тіркелген аймағын анықтау үшін сәйкес цифрлық белгі қолданылады. Облыстардың мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне цифрлық белгіленуі облыстың мемлекеттік тілдегі атауына байланысты әліпби ретімен беріледі, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Елімізде Абай және Ұлытай, Жетісу облыстары құрылған еді.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі жаңадан құрылған үш өңірге, яғни  Абай өңіріне -18, Жетісуға -19 және Ұлытауға 20 деген облыс кодтарының цифрлық белгісін беруді ұсынып отыр. Аймақтардың мемлекеттік нөмірлік белгілеріне жаңа цифрлық белгілерінің енгізілуімен жаңа өңірлердің тұрғындарына автокөліктердегі бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстырудың қажеті жоқ екенін ерекше атап өткен жөн, - деді ол. 

Жаңа үш облыстың әкімшілік ғимараттарын сатып алуға, жөндеуге және жалға алуға 12 млрд теңге жұмсалады. Оның ішінде Алматы облысына –  3,5 млрд, Ұлытау облысына 7,6 млрд және Абай облысына 839 млн теңге қарастырылып отыр.

Өзгелердің жаңалығы