Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диетологтар жаңа жылға он күн қалғанда денсаулыққа зиян келтірмей, қалай формада қалуға болатынын айтты.
NEWS.ru порталының мәліметіне сүйенсек, көмірсусыз диета мерекеге дейін 1,5-2 келі салмақ тастағысы келетіндерге қолайлы екен.
Медицина ғылымдарының докторы Алексей Ковальков бұл диетаны ұстанатындар нан, жарма, макарон өнімдері, жеміс, кәмпитті ұмытып, ақуыз бен майды доғару керек деп атап өтті.
Оның айтуынша, тамақтың бұл түрін жемейтіндер тәулігіне 100-120 грамм салмақ тастайтын болады.
Холецистит, панкреатит, өт тастары, майлы бауыр гепатозы сияқты ауруларды болдырмау үшін диетаны бастамас бұрын ағзаны медициналық тексерістен өткізген дұрыс. Дәрігер қатаң калориялы шектеулері бар диеталар ешкімге де пайдалы емес екенін айтады. Өйткені жаңа жылдық мереке кезінде адам өзін нашар сезінуі мүмкін. Сосын демалыстың соңы ауруханада аяқталуы ықтимал.
Диетолог және гастроэнтеролог Нурия Дианова мереке алдында 5-6 келіге дейін арықтауға мүмкіндік бар деп санайды. Мұның бәрі артық салмақты тудыратын нәрсеге байланысты.
Диетаға көкөністердің көп мөлшерін қосу және тұзды тағамдар жемеу сұйықтықты кетіруге көмектеседі. Лимфалық дренажды шай және лимфалық дренажды массаж көмектеседі. Мұның бәрі жақсы нәтиже береді, - деп қорытындылады Нурия Дианова.