"КАЖСервис" мекемесінің жол қызметі жаңа жылдық мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАвтоЖол компаниясына сілтеме жасап.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 1200 бірлік арнайы техника мен 1500 жол қызметінің мамандары жұмылдырылады.
Құрметті жүргізушілер! Жол қозғалысының қауіпсіздік ережелерін және жылдамдық режимін сақтауды, сондай-ақ рөлге сау күйлеріңізде отыруды естеріңізге саламыз. Жолдағы қауіпсіз қозғалыс – өзіңізге байланысты, - деп атап өтті компаниядан.
Республикалық автожолдардағы жағдай туралы өзекті ақпаратты "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының ресми сайтынан, Sapar мобильді қосымшасынан және тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.