Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Маңғыстау облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 1 жағдай туралы хабарлады.
Ауру жұқтырған азаматша Жаңаөзен қаласының тұрғыны, 18 жаста. Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
15.04.2020 жылы жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 12 адам анықталды. Оның ішінде 1 адам жазылған.