Жаңа Зеландияға кіру үшін КВИ-ге қарсы толық вакцинация құжаты болуы міндетті

4 Қазан 2021, 19:16
953
Бөлісу:
Жаңа Зеландияға кіру үшін КВИ-ге қарсы толық вакцинация құжаты болуы міндетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа Зеландияға кіру үшін COVID-19 вирусына қарсы толық вакцинациядан өту туралы құжаттың болуы міндеттелді.

Бұл туралы  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Бұрын коронавирус тіркелмеген аудандарда инфекцияның таралуына байланысты ережелер қатаңдатылуда. 

Біз Жаңа Зеландия азаматтары болып табылмайтын 17 жастан асқан әуе жолаушыларына толық вакцинациядан өту туралы талап қоямыз, - деді COVID-19-ға қарсы күрес министрі Криста Хипкинс. 

Иммундаудың жоғары қарқынының арқасында ел вирусты тұрақтандыруда үлкен жетістіктерге жетті. Шекара шектеулерінің күшеюі коронавирустан «таза» қалалар саналатын Гамильтон мен Рагланда КВИ анықталуына байланысты. Алдымен олар бес күндік оқшаулау және қозғалысқа тыйым салу туралы жариялады.

Ұлыбритания коронавирустың күнделікті таралуы бойынша әлемдік рейтингте көш бастады. Коронавирустың 303 мыңнан астам жаңа жағдайларының ішінде пациенттердің көпшілігі Ұлыбританияда, Түркияда, АҚШ-та және Ресейде тіркелді. Осылайша, ресми Лондон 30 мыңнан астам вирус жұқтырғандардың тіркелгені туралы хабарлады. Түркияда - 27 мыңнан астам, АҚШ пен Ресейде 26 мыңға дейін инфекция жұқтырудың жаңа жағдайлары анықталды. 

Мәліметтерге сәйкес, Ресей мен Мексика коронавирустың күнделікті өлім жағдайлары бойынша әлемде көш бастап келеді. Украина 9-орында.

Айта кетейік, пандемия басталғаннан бері COVID-19 салдарынан 4 815 965 өлім жағдайы расталды.

Өзгелердің жаңалығы