Жаңа Зеландияда омикрон штаммының жаңа түрі таралып жатыр

6 Шілде 2022, 08:28
1719
Бөлісу:
Жаңа Зеландияда омикрон штаммының жаңа түрі таралып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа Зеландия мамандары алғаш рет коронавирустың ВА. 2.75 омикрон штаммының кіші түрін жұқтырудың алғашқы жағдайын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, б ұл жаңа нұсқа Үндістаннан Жаңа Зеландияға келген инфекцияны жұқтырған екі шетелдіктен табылды.

Пандемия басталғаннан бері Жаңа Зеландияда коронавирусты жұқтырудың 1,3 миллионнан астам жағдайы анықталып, 1 534 тұрғын қайтыс болды. Қазіргі уақытта елде ересек тұрғындардың 95%-дан астамы толық (екпе алды) вакцинацияланды, – деп жазды комиссия.

Өзгелердің жаңалығы