Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа ережеге сай тұрғындар топпен жинала алатын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Десе де жергілікті билік қоғамдық жерлер мен көліктерде маска тағу режимі сақталатынын айтып отыр. Мамандар аймақтағы эпидахуалдың оңалуына қарамастан арқаны кеңге салмаған жөн деп отыр
Біртіндеп бұрынғы тыныс тіршілігімізге оралып жатырмыз. Оклендтағы жағдай тұрақтала бастады. Шаһар тұрғындары демалыс күндерін шектеулермен өткізгісі келмейді. Сондықтан карантинді жеңілдетеміз деп шештік, – деп мәлімдеген Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн.