Австралияда Жаңа Зеландия премьерінің ұшағынан ақау шықты

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ясинда Ардерн жұбайымен бірге коммерциялық ұшақпен үйіне келді.</h4>

 19 Шілде 2019 2019, 22:28
19 Шілде 2019 2019, 22:28
2221

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ясинда Ардерн жұбайымен бірге коммерциялық ұшақпен үйіне келді.

Австралияда Жаңа Зеландияның премьер-министрі Ясинда Ардерннің бортындағы компьютер сынып қалды. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі хабарлады.

«Ұшар алдындағы тексеруде ұшақтың компьютері бұзылған болатын. Ол – ұшақты басқару жүйесінің маңызды бөлігі», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Енді Жаңа Зеландиядан басқасы жіберіледі және ертең ұшақты жөндейді.

Ардерннің Мельбурнға сапарының алдында ұшақтың жарамдылығына қатысты күдік болған. Себебі ұшпас бұрын да ақаулары жөнделген.


Наверх