Жаңа заң жобасы ғылымдағы басқару жүйесін реттейді – вице-министр

16 Ақпан 2024, 14:21
754
Бөлісу:
Жаңа заң жобасы ғылымдағы басқару жүйесін реттейді – вице-министр
Фото: - архив

Алматыда "Ғылым және технологиялық саясат" туралы заң жобасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жиын барысында ғылым саласындағы өзекті мәселелер туралы айтылып, әлі де толықтырылуы тиіс жайттар ортаға салынды.

Жаңа заң жобасы білім жүйесінің құрылымын жетілдіреді. Оның ішінде Жоғарғы ғылыми ұлттық кеңесінің бұрынғы қаржыландыру көлемін мақұлдап, ғылыми жетістіктердің нәтижелерін коммерциялайды. Екіншіден, Ұлттық ғылым академиясының құрлымын кеңейту. Үшіншіден, Ғылыми Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының қызметі қайта жаңғыртылатын болады. Аталған заң жобасы ғылым саласындағы басқару жүйесін реттейді, - деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Зәки.

Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков Парламентке кірген заң жобасында 100-ден астам норма қаралғанын айтты.

Жұмыс тобында барлығы 59 адам болды. Бүгінде жұмыс тобының үш отырысы өтті. 100-ден астам норма қаралды. Ұлттық академияның мәртебесі, жас ғалымдарға берілетін әлеуметтік қолдау, ғылыми дәрежеге қаржыландыру көзі қарастырылса, ғылыми атаққа тиісті қаржыландыру көзделген. Бұл Президенттің Жолдауында айтқан тапсырмаларын орындауға бағытталған, - деді Таңсәуле Серіков.

Өзгелердің жаңалығы