Жаңа заң жобасы: Еліміздің 45 пайызы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатқызылған

13 Ақпан 2024, 13:10
748
Бөлісу:
Жаңа заң жобасы: Еліміздің 45 пайызы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатқызылған
Фото: BAQ.KZ -архив

Осыған орай, Құрылыс кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс туралы тармақ енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында құрылыс саласында үлескерлік құрылысқа, ғимараттардың заңсыз әрі орынсыз салынуына қатысты өзекті мәселелер бар екенін айтып, Құрылыс кодексін жетілдіру бойынша тапсырма бергені белгілі.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин Құрылыс кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының таныстырылымында "Сейсмикалық аймақтардағы жобалау және құрылыс ерекшеліктері" тарауы енгізілетінін айтты.

Біздің еліміз үшін сейсмикалық аймақтардағы жобалау және құрылыс нормалары өте маңызды, өйткені аумақтың шамамен 45 проценті соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелері бойынша сейсмикалық қауіпті аймақтарға жатқызылған, - деді ол.

Құрылыс объектілерінің сапасын арттыру үшін құрылыс компанияларының сейсмикалық оқшаулағыш жүйелерді қолдануы, сейсмикалық қауіптілікті алдын ала бағалауды жүргізу, құрылыс үшін алаңды таңдау, сынақтар жүргізу бойынша және т. б. кешенді шаралар қабылдау жоспарланып жатыр.

Сондай-ақ жаңа сейсмикалық қауіптілікті бағалау және сейсмикалық қауіпті бағалау реттеу институттары енгізілуде. Кодекс жобасында тозуды анықтауға, конструкциялардың сапасын тексеруге, объектіні тозған деп тануға, қайта жаңарту мүмкіндігіне бағытталған қолданыстағы объектілерді паспорттау жөніндегі нормалар көзделген, - деді вице-министр.

Қарағойшиннің айтуынша, жергілікті атқарушы органдар құрылыс объектілерінің сейсмикалық қауіптілігі мен сейсмикалық төзімділігін бағалау үшін сейсмикалық қауіпті өңірлерде паспорттауды жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Өзгелердің жаңалығы