Жаңа заң ғылыми қызметкерлердің деңгейін көтеруге бағытталады – депутат

16 Ақпан 2024, 15:01
412
Бөлісу:
Жаңа заң ғылыми қызметкерлердің деңгейін көтеруге бағытталады – депутат
Фото: автордан

Алматыда "Ғылым және технологиялық саясат" туралы заң жобасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева жиында ғылым саласында жастарға бағытталған ғылым, технологиялық саясат жайлы айтылғанын атап өтті. 

Жаңа заң ғылыми қызметкерлердің деңгейін көтеруге бағытталады – депутат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі адамзаттың жағдайы ғалымдардың қолында екенін айта келе, отандық ғылымның әулетін арттыруды тапсырды. Ғылым саласында "Ғылым және технологиялық саясат" туралы қабылданған заң жобасы елдегі білім деңгейін арттыруға септігін тигізеді. Бұл жоба жас ғалымдарға әлеуметтік жеңілдік жасау, зертханаларды заманауи құрылғылармен жабдықтау, ғылыми қызметкерлердің деңгейін көтеруге бағытталады. Ғылым кез келген елде келешектің кілті саналады. Себебі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік ахуалы, тұрақты әрі қауіпсіз дамуы ұлттық ғылымның әлеуетіне тікелей байланысты. Бүгінгі талқылауда ғылым саласында жастарға бағытталған ғылым, технологиялық саясат жайлы, оған керекті барлық тетік қарастырылуы қажеттігі айтылды, - деді Екатерина Смышляева.

Жаңа заң ғылыми қызметкерлердің деңгейін көтеруге бағытталады – депутат
Өзгелердің жаңалығы