Жаңа заң: Азаматтық алу үшін қазақ тілін оқығаны және білетіндігі туралы сертификат сұралады

6 Тамыз 2024, 04:48
577
Бөлісу:
Жаңа заң: Азаматтық алу үшін қазақ тілін оқығаны және білетіндігі туралы сертификат сұралады
Фото: архив

Енді Қазақстан азаматтығын алу және қалпына келтіру үшін мемлекеттік тілді оқығаны және білетіндігі жайлы сертификат болуы тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңға осындай өзгеріс енгізілді.

Мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, сонымен қатар еліміздің тарихы мен Конституциясының негіздерін білмеген жағдайда азаматтық берілмейді.

Халықтың деңгейін Ғылым және жоғары білім министрлігі анықтайды. Бұндай түзетулер көшіп келгендердің қоғамға тез бейімделуі үшін жасалып отыр.

Аталмыш заң 12 тамыздан бастап күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы