Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңа туған нәрестесін саңырауқұлақпен тамақтандырған ата-ана сотқа тартылды

18 Қыркүйек 2025, 07:47
517
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Нидерландының Хельвуорт қаласында жаңа туған қызын 17 күн бойы саңырауқұлақпен тамақтандырған ерлі-зайыптыларға алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы сұралды. Бұл туралы NL Times жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қыз бала тыныс алуды тоқтатқан соң, ата-аналар жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келген кезде сәби көгеріп, ес-түссіз жатқан. Өкінішке қарай, оны құтқарып қалу мүмкін болмады. Алғашында медицина қызметкерлері анасы қатты шаршағандықтан, оған жедел көмек қажет болды деп ойлаған.

Тергеу барысында ата-ананың нәрестені саңырауқұлақтар, соя ұнтағы және минералсыздандырылған сумен тамақтандырғаны анықталды. Бұл қоспа жаңа туған сәби үшін мүлде жарамсыз екені белгілі. Әйелдің емшек сүті өте аз бөлінген, ал үйде арнайы балалар тағамы болмаған. Тексеру кезінде тоңазытқыштан тек "трюфель" деп жазылған контейнерлер табылды.

Бұған қоса, ананың бұған дейін дамуында қатты артта қалған баланы дүниеге әкелгені және оның бірден патронаттық отбасыға берілгені белгілі болды. Сарапшылар ерлі-зайыптылардың екеуі де психикалық денсаулық мәселелеріне шалдыққанын айтты.

Ата-аналар балаға қасақана зиян келтірмегенін алға тартты.

Енді біз түсіндік: адамға тиіндер сияқты саңырауқұлақ емес, басқа да тағамдар қажет, – деді әйел.

Өзгелердің жаңалығы