Жаңа туған нәрестеден жарты келілік ісік алынды

24 Ақпан 2023, 21:06
2263
Бөлісу:
Жаңа туған нәрестеден жарты келілік ісік алынды
PHOTO
Фото: Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы баспасөз қызметі

Педиатрия орталығының дәрігерлері жаңа туған нәрестедегі туа біткен бауыр гемангиомасын алып тастау бойынша күрделі ота жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» баспасөз қызметі хабарлағандай, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандары алғаш рет жаңа туған нәрестеге бауырдың туа біткен гемангиомасын алып тастау бойынша бұрын-соңды елімізде жасалмаған күрделі отаны жасады. Бұл ота оң жақтағы бауыр артериясының операция алдындағы рентгендік эндоваскулярлық эмболизациясымен біріге отыра жасалды. 

Жаңа туған нәрестеден жарты келілік ісік алынды

Іш қуысының алып ісігі сәби дүниеге келе салысымын анықталған. Алып ісік бауырдың бүкіл оң жақ бөлігін алып жатты. Үш күндік нәресте дереу арада 3 ақпан күні перзентханадан Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді. 

Нәрестеге бес күн бойы консервативтік ем жүргізілді. Іш қуысының ісігі өте үлкен болуына байланысты және ісік ішкі органдарды қысып тастағандықтан сәби жасанды өкпе аппаратында болды. Өйткені, ірі көлемдегі ісік баланың демалуына қиындық жасады. Аз уақыттың ішінде іштің көлемі 38 см-ден  44 см-ге дейін өсті. Осы жағдайларды ескере отырып, орталық мамандары шұғыл түрде операция жасауға шешім қабылдады. 

Жаңа туған нәрестеден жарты келілік ісік алынды

Күрделі ота 8 ақпан күні жасалды.

№1 - Ангиография. Бауырдың оң жақ артериясының Рентгенэндоваскулярлы эмболизациясы.

№2 – Лапаротомия. Холецистэктомия. Оң жақтық гемигепатэктомия. Құрсақ қуысын дренаждау. 

Операцияның күрделілігі – комбинирленгенді болуында. Бұндай ота елімізде бұрын-соңды жасалмаған. 

Жаңа туған нәрестеден жарты келілік ісік алынды

Күрделі ота 4 сағаттан аса жасалды. Сәтті өтті. Операцияны Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының білікті дәрігерлері: Хирургиялық блоктың жетекшісі Константин Хаиров, рентгенэндоваскулярлы хирург Азиз Оңласынов, неонатальды хирургтар: Қанат Әшірбай мен Шалқар Қасенов, Қарқынды терапия блогының жетекшісі Гүлшат Әлімханова, Нәрестелерге арналған жан сақтау бөлімінің менгерушісі Нұрсұлтан Құрбанбековтан құралған өз ісінің білгір мамандары  жасады.  Ісіктің салмағы 500 грамды құрады. Біріктірілген операцияның арқасында баладан қан кету мөлшері барынша азайтылды.         

Кішкентай пациент отадан кейінгі 5-күні реанимация бөлімінен неонатология бөліміне палатаға анасының жанына ауыстырылды.         

Жаңа туған нәрестеден жарты келілік ісік алынды

Бұл жағдайдың күрделілігі - көлемі үлкен ісіктің жатыр ішінде қарқынды өсуінде және ісіктің өзін алып тастау кезінде қиындықтар тудыруында болды. Сондай-ақ ісікте кавернозды қан тамырлар көптігіне байланысты нәрестеде қанның көп кету қаупін туғызды. Комбинирленген отаның арқасында мүмкін болатын қан кету көлемі барынша азайтылды. Алып ісік баланың ішкі құрылыстарын және өкпе аймағын қысып тастаған. Нәрестеден жалпы салмағы жарты келіден асатын ісік алып тасталынды. Қарқынды терапия жұмысының арқасында қазіргі уақытта нәрестенің жағдайы жақсы. Альтамир есімді кішкентай пациентіміз 12 тәулікте аман-есен үйіне шықты, - деді емдеуші дәрігері Қанат Әшірбай.   

Өзгелердің жаңалығы