Жаңа туған нәресте ТЖМ тікұшағымен шұғыл түрде Өскеменге жеткізілді

Бүгін, 2 тамызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» әуе экипажы Риддер – Өскемен бағыты бойынша шұғыл медициналық рейсті сәтті орындады.

 Скриншот 2 Тамыз 2025 2025, 21:45
2 Тамыз 2025 2025, 21:45
1132
Фото: Скриншот

Бүгін, 2 тамызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» әуе экипажы Риддер – Өскемен бағыты бойынша шұғыл медициналық рейсті сәтті орындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұшу шұғыл медициналық көмек қажет еткен жаңа туған нәрестені облыс орталығындағы ауруханаға жеткізу мақсатында ұйымдастырылды. Санавиация желісі бойынша үйлестірілген іс-қимылдың арқасында тікұшақпен тасымалдау жедел жүзеге асырылды, - делінген хабарламада.

Экипаждың кәсібилігі мен дәрігерлердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде кішкентай науқас аман-есен медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Наверх