Жаңа төтенше жағдайлар министрі ант берді

19 Маусым 2023, 15:08
888
Бөлісу:
Жаңа төтенше жағдайлар министрі ант берді
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сырым Шәріпханов Төтенше жағдайлар министрі Үкіметте ант берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін, - деп ант берді Сырым Шәріпханов.

Еске салайық, 10 маусымда Мемлекет басшысы Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындаған еді. Сол күні экс-министр Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды.

Өзгелердің жаңалығы