"Жаңа штамм пайда болуы мүмкін". ДДСҰ коронавирусқа қатысты ескерту жасады

8 Тамыз 2024, 03:12
653
Бөлісу:
"Жаңа штамм пайда болуы мүмкін". ДДСҰ коронавирусқа қатысты ескерту жасады
Фото: baq.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мониторингі 84 елде вирус жұқтыру көрсеткіштері өсіп келе жатқанын көрсеткен. Оның ішінде Еуропа елдерінде өсім көрсеткіші 20 пайыздан да жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Инфекцияның жаңа толқындары Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа және Тынық мұхиты өңірінің батысында тіркелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, COVID-19 жұқтыру көрсеткіштері бүкіл әлем бойынша өсіп келеді. Ұйым алдағы уақытта инфекция жұқтыру саны өсе түсетінін және вирустың жаңа да ауыр штамдары пайда болуы мүмкін екенін хабарлады.

Бұл ретте ұйым жазғы уақытта инфекцияның таралу қарқынының жоғарылығына назар аударып отыр. Өйткені, мұндай ыстық уақытта респираторлық вирустардың белсенділігі төмен болуы тиіс. Олар әдетте суық ауа райында қоза түседі.

Әзірге COVID-19 вирусын жұқтырғандар арасында ауруханаға жатқызылғандардың үлесі әлі төмен екеніне қарамастан, ДДСҰ әлем елдерінің үкіметтерін екпе салу науқанын күшейтуге шақырып отыр. Вирус жұқтыру тәуекелінің тобына жататын адамдар әр 12 ай сайын екпе алуы қажет.

Өзгелердің жаңалығы