Жаңа Қазақстанның референдумы. Жастар не дейді?

6 Мамыр 2022, 11:34
1645
Бөлісу:
Жаңа Қазақстанның референдумы. Жастар не дейді?
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жастар конгресінің атқарушы директоры тоқтар Болысов референдумдағы заңнама мен  азаматтардың құқықтарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел барысында айтты.

Мемлекет басшысы ҚХА-ның съезінде Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум өтетінін айтты. Бүгін біз жас көшбасшылары мен ұйымдардың азаматтарымен бірігіп аталған өзгерістер мен референдумды талқылауға жиналдық. 1995 жылы бірінші референдум өтті. Биыл екінші референдум өтеді. Барлығы референдумның не екенін түсіне бермейді. Конституцияға енген өзгерістердің қаншалықты әсер ететінін де білмейді. Жастарға жағдай жасалады деп айтып жатыр. Алайда жастардың әлеуетін барынша пайдалану үшін жаңа заңдар мен бағдарламалар, тәртіптер керек. Ал заңдарды өзгерту үшін Ата заңымызды өзгерткен жөн- деді Болысов.

Жаңа Қазақстанның референдумы. Жастар не дейді?

 

Болысов жастар ұйымдарының өкілдері өңірлерге шығып, жастарға өзгерістер мен референдум жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін айтты.

Сол жұмыстардың қалай өтетініне әдістерді осы алаңда талқылаймыз. Әрине, бір айдың ішінде көп нәрсеге үлгермейміз. Осы уақытты тиімді пайдаланып университет пен жұмысшы жастармен кездесеміз. Әзірге 200 іс-шара өткізу көздеп отырмыз, – деді ол.

Жастар конгресінің құрамына 108 ұйымы кіреді. Ел бойынша 200-300 белсенді жастың басын біріктіреді.

Өзгелердің жаңалығы